Автор: editor3

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытында ауыл әкімдерін тікелей сайлау реформасы маңызды рөл атқарады. Президент Астанады Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдермен өткізген кеңейтілген жыыны жергілікті басқару жүйесіне қатысты стратегиилық мәселелерді күн тәртібіне шығарды. Бұл кездесу мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру жэне реформы аларды нақты бағалау үшін маңызды қадам болып отыр. Президенттің жиындағы негізгі мәлімдемелері ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәжірибесінің нәтижелерін жан-жақты талдауға бахытталған. Тоқаев атап өткендей, аудан әкімдерин сайлауға қатысты әртүрлі көзқарастар бар , және қоғамда «аудан әкімдерін сайлау қажет пе, жоқ па?» деген пікірлердің қалыптасуы байқалады. Бірқатар депутат мен белсенділер елде сайлаулар санының артып, халық саяси науқандардан шаршап бара жатқанын жеткізді.…

Read More

Бүгінгі цифрлық дәуірде интернет -адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.Әсіресе жастар үшін интернет – білім алу, ақпарат табу, қарым-қатынас жасау және көңіл көтерудің негізгі құралы. Алайда интернеттің пайдасымен бірге зияны да бар. Соңғы жылдары Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде «интернетке тәуелділік» деген түсінік үлкен әлеуметтік проблема ретінде қарастырылуда. Бұл құбылыс әсіресе жасөспірімдер арасында кең таралып отыр. Әлеуметтік желілер мен ойындардың шектен тыс қолданылуы жастардың психологиялық жағдайына, оқу үлгеріміне, денсаулығына және тұлғалық дамуына кері әсерін тигізуде. Сондықтан жастар арасындағы интернетке тәуелділік мәселесін талдау қоғам үшін өте маңызды Интернетке тәуелділіктің пайда болу себептері Жастардың интернетке шектен тыс әуестенуінің бірнеше негізгі себебі бар. Біріншіден,…

Read More

XXI ғасырда экологиялық проблемалар тек ғалымдар мен мамандардың тар шеңберіндегі мәселе емес, бүкіл қоғамның өмір сапасына тікелей әсер ететін факторға айналды. Климаттың жылынуы, ормандардың кемуі, ауаның ластануы, биоалуантүрліліктің азаюы сияқты құбылыстардың артында көбінесе адамның табиғатқа жауапсыз қарым-қатынасы жатыр. Еліміздегі экологиялық құқықбұзушылықтардың артуы Соңғы жылдары Қазақстанда заңсыз ағаш кесу фактілерінің көбеюі — осының нақты дәлелі. Экология министрлігінің 2024 жылы жариялаған мәліметтеріне сәйкес, заңсыз кесу оқиғалары жыл сайын артып келеді: 2021 жылы 229 жағдай тіркелсе, 2022 жылы — 241, ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 270-ке дейін өскен. Бұл — ресми анықталған фактілер ғана. Сарапшылардың айтуынша, тіркелмеген жағдайлар саны бұдан да көп болуы…

Read More

Қысқа видеолар медиакеңістікті толық өзгертуде Медиакеңістік соңғы жылдары түбегейлі өзгеріске ұшырады. Бұрын көрермен ақпаратты алу үшін теледидар арқылы, деректі фильм немесе репортажды толық көруге уақыт бөлетін. Ал қазір қажетті мәліметті TikTok, Instagram Reels, YouTube Shorts сияқты қысқа платформалардан алады. Бар болғаны бірнеше секундқа созылатын ролик адамның назарын бірден тартып, эмоция береді және тақырыптың ең айқын, әсерлі бөлігіне ғана басымдық береді. Осы өзгеріс деректі фильмдерді қабылдау мәдениетіне тікелей ықпал етіп отыр. Қысқа видеоның басты ерекшелігі — оның жылдамдығы мен динамикасы. Автор көрерменді алғашқы 2–3 секундта қызықтыра алмаса, роликтің көрілмей қалу ықтималдығы жоғары. Сондықтан қысқа формат көбіне эмоцияға, визуалды тартымдылыққа және бір…

Read More

“Жаужүрек мың бала”, “ Миллионға келістік” фильмінің “ Жас Ұлан”, Жаным”, “ Күзгі аспан” сериалдарының продюсері, “Продюсер мамандығы” кітабының авторы Алия Увальжанова. «Продюсер мамандығы» кітабыңыз туралы айтып кетсеңіз? — Бұл кітапты жазу 2011 жылы ойға келді. Қазақстан киносыншылар қауымдастығының президенті Гүлнәр Әбікеевамен бірге кітапты жазып шықтық. 2022 жылы орыс тілінде жарық көрді, 2023жылы қазақ тіліне өнертанушы Ғайнижамал Әбілдинаның көмегімен аударылды. Кітапта продюсерліктің майын ішіп, жілігін шаққан кәсіби 10 маманының іс-әрекеті суреттелген. Максим Смағұлов, Ораз Рымжанов, Сайын Ғабдуллин, Гүлнәр Сәрсенова және т.б. Жалпы туынды қазіргі жастарға өте қажет оқулық. Кітаптың толық шығуына атсалысып, әдемі дизайнмен әрлеген автор — Анастасия Таукел. Ол…

Read More

Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының аумағында белгілі кеңестік және қазақстандық актер, театр және кино режиссері, КСРО халық әртісі Шәкен Айманов атындағы Қазақ киносының мұражайы орналасқан. Мұражайдың басты миссиясы – қазақ киносына қатысты баға жетпес мұрағаттық жәдігерлерді қорғау және оның бірегей тарихын сақтау. Бұл біздің жастарды да, қаламыздың барлық шетелдік қонақтарын да қызықтыратын жалғыз және бірегей экспонаттар жинағы. Мұражайды қазақтың белгілі актері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов ашты. «Кинематографиямыздың тарихына Шәкен, Сұлтан, Мәжит сынды тұлғалар баға береді. Олардың барлығы үлес қосты. Сондықтан олардың барлығына мұражай қажет», — деді ол ашылуда. Залда «Қазақфильмнің» алғашқы операторлары жұмыс істеген кинотехника, түпнұсқа плакаттар мен киноплакаттар, экспонаттар арасында…

Read More

    Бұл пъеса дәстүр мен әлеуметтік конвенцияларға қайшы келеді, барлық қиындықтарға қарамастан шынайы махаббаттың маңыздылығын атап көрсетуші бірден-бір роман. Аты әлемге әйгілі бұл роман бүкіл халыққа махаббаттың шексіз құдіреті мен сұлулығын, сондай-ақ оның барлық кедергілерді жеңе алатын қабілетін көрсетеді.Оның тарихы мен кейіпкерлері бүкіл әлемдегі суретшілерді, жазушыларды және режиссерлерді шабыттандырған болатын. Олардың махаббаты қайғылы нәтижемен болса да, барлық кедергілерді жеңген идеалды махаббаттың символын болып әлі күнге дейін сақталуда. Атақты автордың шығармашылығының қызықты деректері: Ромео мен Джульетта бастапқыда сол кездегі театрда қолданылған ерте итальяндық диалектіде жазылған. Бұл жұмысқа көптеген елдерде танымал болған еуропалық стильді берді. Шекспирді 13 ғасырда Италияда болған, екі жас…

Read More

Қазіргі жаһандану және ақпараттық кеңістіктің ұлғаю кезеңінде ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту мәселесі әлемдік деңгейде өзекті сипатқа ие болуда. Бұл үрдіс Қазақстан қоғамына да тән. Себебі қоғамдық санадағы трансформация, өмір салтының өзгеруі және құндылықтар жүйесінің қайта қалыптасуы барысында руханияттың орны ерекше айқындалады. Осы тұрғыда ислам діні тарихи, мәдени және әлеуметтік-рухани фактор ретінде маңызды рөл атқарады. Ислам – тек сенім жүйесі ғана емес, ол тұтас өркениеттік құндылықтарды қамтитын дүниетанымдық жүйе. Қазақ даласына исламның таралуы рухани мәдениеттің, адамгершілік нормалардың және әлеуметтік жауапкершілік ұстанымдарының орнығуына тікелей ықпал етті. Ислам тағылымдары халықтың дүниетанымымен табиғи үйлесім тауып, дәстүрлі моральдық қағидалармен астаса дамыды. Соның…

Read More

Бүгінгі таңдағы сандық дәуір – мүмкіндіктер әлемі. Ақпарат қолдың ұшында, ал әлеуметтік желі – жастардың күнделікті тыныс-тіршілігінің ажырамас бөлігі. Алайда соңғы зерттеулер мен бақылаулар жастар арасында жаңа құбылыстың көбейіп келе жатқанын көрсетеді: цифрлық шаршау (digital fatigue). Жылдам тұтынатын контент, үздіксіз жаңалықтар тасқыны, “мінсіз өмір” көрсететін ленталар адам психикасына байқалмай әсер етеді. Студенттер арасында жүргізілген сауалнамаларға сәйкес, жастардың 62%-ы күніне кем дегенде 5–6 сағат әлеуметтік желіде отырады. Бұл тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар шаршаудың, күйзелістің жаңа түріне алып келетін әдетке айналған. Әсіресе TikTok пен Instagram-дағы тоқтаусыз видеолар адамдарды ақпаратты терең қабылдамай, жай ғана жылжыта беруге үйретеді. Бұл миға қысым…

Read More

18–19 қазан күндері Алматыда өткен VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы 10-нан астам елден келген 300-ге жуық журналист, медиа менеджер және сарапшыны бір алаңға жинады. Биылғы форумның басты мақсаты – ортақ түркі медиа кеңістігін дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті жаңа деңгейге көтеру. Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы соңғы үш жылда қор 20-дан астам халықаралық жоба ұйымдастырғанын, алайда түркі елдері арасындағы ақпараттық алшақтық әлі де 30–40 пайыз деңгейінде сақталып отырғанын атап өтті. Осы олқылықты жою үшін форумда ортақ медиа платформалар құру, бірлескен деректі фильмдер шығару және журналистердің кәсіби алмасу бағдарламаларын кеңейту ұсынылды. Брюссельде құрылған Дүниежүзілік Түркі Медиа Ассоциациясының биылғы жылы мүшелер…

Read More