Huawei компаниясы медиа өкілдеріне арналған арнайы шара өткізіп, өзінің негізгі технологиялық жаңалықтарын таныстырды. Презентацияның басты назарында премиум санаттағы бүктелетін Huawei Mate X7 смартфоны, инновациялық PaperMatte экраны бар жаңартылған Huawei MatePad 11.5 S планшеті, сондай-ақ ашық форматтағы стильді Huawei FreeClip 2 құлаққаптары болды. Іс-шара жылы әрі серпінді атмосферада өтті. Кеш қонақтары бренд өкілдерінен жаңа құрылғылар туралы тікелей ақпарат алып қана қоймай, техниканы жеке өзі сынап көруге, оны түрлі қолдану сценарийлерінде тестілеуге және алғашқы әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Премиум бүктелетін флагман — Huawei Mate X7 Таныстырылымның басты жұлдызы — премиум дизайн мен озық технологияларды үйлестірген жаңа буындағы бүктелетін смартфон Huawei Mate X7.…
Автор: editor3
Өте жұқа дизайн, сыйымды аккумулятор және жасанды интеллекттің кеңейтілген мүмкіндіктері. Жасанды интеллект негізіндегі құрылғылар экожүйесін дамытып келе жатқан әлемдік бренд HONOR Қазақстанда танымал X Series желісінің сәнді толықтыруы болған жаңа HONOR X8d смартфонын ресми түрде таныстырды. Модель стильді, интеллектуалды функцияларды және жоғары автономдылықты бағалайтын пайдаланушыларға арналған. HONOR X8d өте жұқа корпусын, сыйымдылығы арттырылған 7000 мА·сағ аккумуляторын және жасанды интеллекттің кеңейтілген мүмкіндіктерін үйлестіре отырып, ыңғайлы әрі заманауи пайдаланушылық тәжірибе ұсынады. Өте жұқа дизайн және өз класындағы үздік автономдылық HONOR X8d небәрі 7,5 мм болатын өте жұқа әрі жеңіл корпусымен ерекшеленеді. Ол премиум сыртқы келбет пен қолға жайлы сезімді үйлесімді біріктіреді. Заманауи…
2025 жылы Huawei Қазақстандағы планшет нарығында сенімді өсім көрсетіп, сатылымдағы үлесін айтарлықтай арттырды және планшеттер сегментінде көшбасшылардың біріне (GFK есебіне сәйкес) айналды. Қолданушылар тарапынан артып отырған қызығушылық брендтің экожүйені дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге және жұмысқа, оқуға әрі шығармашылыққа арналған әмбебап құрылғылар жасауға бағытталған стратегиясының табысты екенін айқын көрсетеді. Huawei планшеттері сапалы экрандары, жоғары өнімділігі және алдын ала орнатылған кәсіби қосымшаларының арқасында ноутбуктарға толыққанды балама ретінде жиі таңдалып келеді. Жаңа Huawei MatePad 11.5 S – компанияның көпфункционалды мобильді шешімдер желісін дамытудағы келесі маңызды қадамы. 30 қаңтарда Huawei Қазақстан нарығында MatePad 11.5 S планшетінің сатылымы ресми түрде басталды. Жаңалық өнімді жұмыс, оқу…
Конституция — бұл жай ғана құқықтық құжат емес, ол мемлекет пен азаматтар арасындағы қоғамдық келісім, қоғамның кемелдік деңгейін, оның құндылықтарын, тарихи тәжірибесін және болашаққа деген көзқарасын айқындайтын негізгі акт. Сондықтан конституциялық реформа мәселесі құқықтық саясат шеңберінен шығып, жалпыұлттық маңызы бар оқиғаға айналады. Қазақстан Республикасы Конституциясының реформалануы жаһандану мен цифрландыру үдерістеріне жауап ретінде жүзеге асырылды. Бұл үдерістер қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси, институционалдық және мәдени-рухани салаларына елеулі әсер етті. Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз қалыптасудың күрделі жолынан өтті, ал бүгінгі таңда егемендікті одан әрі нығайту, билікке деген қоғамдық сенімді арттыру және азаматтардың мемлекеттік басқару үдерістеріне қатысуын кеңейту міндеті алға қойылып отыр. Конституциялық өзгерістердің түпкі мәні…
Әлемнің көптеген елдеріндегідей, Қытай көшбасшыларының Григориан Жаңа жылы күніндегі сөздері ішкі қоғамның бірігуі мен мемлекеттің имиджін сыртқы көрініске айналдыратын терезеге айналды. «Жаңа жылыңызбен!» – бұл күні қытайлықтар құттықтау алмасады, қоңырау соғады, кері санайды және бүкіл әлем халқымен бірге жаңа жылды тойлайды. Ежелгі Қытайдан бастау алатын және «жаңа циклдің басталуы және барлық нәрсенің жаңаруы» деген мағынаны білдіретін «юаньдан» сөзі тарихи өзгерістерден кейін тағы да әлемде «жалпы планета бойынша салқындық пен жылылық» мағынасында резонанс тапты. Халықаралық деңгейде қабылданған Григориан күнтізбесінің қабылдануы қазіргі Қытайдың «әлемге көзін аша» бастағанының және бір ғасырдан астам уақыт ішінде ашық ойлы жаһандық қауымдастыққа біртіндеп интеграцияланғанының дәлелі болды. Ежелгі…
Жасанды интеллектке негізделген құрылғылар экожүйесіндегі жетекші жаһандық бренд HONOR Қазақстанда MagicOS 10 операциялық жүйесінің іске қосылғанын жариялады. Жаңа нұсқа HONOR Magic және HONOR 400 сериялы құрылғыларда қолжетімді, ал алдағы үш ай ішінде жаңартуды басқа модельдер де алады. MagicOS 10 әлемдегі алғашқы ИИ-агенті бар, өзін-өзі дамытуға қабілетті операциялық жүйе, ол адам мен технология арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа дәуірін ашады. Қазақстандағы іске қосу HONOR компаниясының өңірге стратегиялық мән беретінін және озық инновацияларды бүкіл әлем пайдаланушыларына қолжетімді етуге ұмтылысын көрсетеді. MagicOS 10 дәстүрлі операциялық жүйелерден AI OS дәуіріне өту кезеңіндегі нақты қадам, яғни құрылғылар тек құрал емес, адаммен бірге үйреніп, дамитын интеллектуалды көмекшіге…
Байкент ауылдық аймағында орналасқан 45-мектеп-гимназиясында, ауыл әкімшілігінің қолдауымен «Мәдениетті Ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Құндылықтан қуат алған шаңырақ» атты тағылымды іс-шара өтті. Шара отбасы тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Іс-шараға Байкент ауылы Аналар кеңесінің төрайымы Байымбетова Айман Өтепбергенқызы, ауылымыздың үлгілі тұрғыны, өнегелі отбасы иесі, профессор, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ашилова Мәдина, сондай-ақ ауыл ақсақалдары мен аналар, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Кеш барысында ұрпаққа үлгі боларлық ойлар айтылып, шаңырақтың берекесі мен рухани құндылықтар жайлы тағылымды пікірлер ортаға салынды. Көпшілікке әсерлі көріністер ұсынылып, қатысушылар жүрекжарды тілктер айтылды. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Айман Баимбетова…
2025 жылы қазақстандық кинематографта ерекше талқыланған туындылардың бірі — режиссер Айтөре Жолдаскали түсірген «Ауру» толықметражды фильмі. Басты рөлдерде ойнаған Аян Өтепберген мен Ділназ Құрманғали көрермен назарын бірден өзіне аударды. Фильм өзінің батыл тақырыбы, әлеуметтік мәселелерді өткір қозғауы және эмоциялық күші арқылы үлкен резонанс тудырып, премьерадан кейінгі бірнеше апта бойы медиа мен қоғам талқысынан түспеді. Сюжет желісі Фильм жас отбасының қарыздан құтылу үшін жалған ақпарат таратуға барған әрекетін көрсетеді. Басты кейіпкер Азамат (Аян Өтепберген) жұбайын сирек кездесетін ауыр дертке шалдыққан деп жалған хабар таратып, халықтан ақша жинай бастайды. Әуелде бұл әрекет «шешімі бар уақытша амал» болып көрінгенімен, жағдай барған сайын күрделеніп,…
Қазақ киносының тарихындағы әйел бейнесі – қоғамдық өзгерістер мен ұлттық құндылықтардың айнасы. Кинематографияның алғашқы кезеңдерінде, мәселен, «Қыз Жібектегі» Жібек, Әмина Өмірзақова сомдаған «Ана туралы аңыздағы» Ана бейнелері сияқты жарқын да, идеалдандырылған кейіпкерлер экранды жаулаған. Олар қазақ әйелінің асылдығын, мейірімділігін, дәстүрге беріктігін және рухани күшін көрсетті. Бұл бейнелер ұзақ уақыт бойы қазақ әйелінің кинодағы эталоны болып қала берді. Жаңа Көзқарас және Күрделі Кейіпкерлер Алайда, уақыт өте келе әйел бейнесі де өзгеріске ұшырады. Әсіресе, «Жаңа толқын» (1990-шы жылдар) кезеңінен бастап, кейіпкерлер бұрынғыдай бірсарынды идеал болудан қалып, күрделі әрі қайшылықты сипат ала бастады. Бүгінгі таңдағы қазақ киносы әйелдің тек ана, жар немесе келін…
Қазақ халқының тағдыры – желмен ұшқан жапырақтай емес, желмен де үзілмейтін тамыры терең бәйтеректей. ХХ ғасырдағы аумалы-төкпелі заман қазақты бір-бірінен жырақтатып жіберді. Бірі – Алтай асып Моңғолияға жетсе, бірі – Жетісудан Қытайға өтті, тағы бірі – Түркияға, Иранға, Ауғанстанға қоныс аударды. Қазақтың шетке таралуы – таңдау емес, тарихтың тегеуріні еді. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі кезінде де, 1930-жылдардағы ашаршылықта да мыңдаған отбасы шекара асуға мәжбүр болды. «Жер – ырыс, ел – тыныс» десек те, сол кезде тынысы тарылған халық Алтай мен Гималайға дейін барып тұрақтады. Бірақ олар қайда барса да, қазақ болып қалды. Домбыраның үні, бесік жыры мен жеті қазына жөніндегі…
