STEPPENEWS.KZ: Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипені туған күнімен құттықтады.
Президент өз жеделхатында Қазақстан мен Испания арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық әріптестіктің тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған әлеуетті толық пайдалану арқылы қазақ-испан қарым-қатынастарын жаңа, сапалы деңгейге көтеруге дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеп, Испания халқына өсіп-өркендеу мен бақ-береке тіледі.
