STEPPENEWS.KZ: Күй мен тылсым табиғаттың үндесуін зерделесек, талантты компазитор Нұрғиса Тілендиев бірден еске түседі. Тұлғаның өмірі домбырмен егіз үғым. Оның дарынды күйшілік шеберлігі ешкімге ұқсамаған. Режиссер Сұлтан Қожықов табиғатта кездесе бермейтін құбылысты таспалап түсіріп алған. Нәзік өнердің таңғажайып туындысы, ғаламат шедеврге айналған. Қазақ кино өнерінің шыңы саналатын «Қыз Жібек» фильмі — тек декорация мен актерлердің шеберлігі емес, нағыз тылсым құбылыстардың мекені. Осыдан жарты ғасыр бұрын Іле өзенінің бойында болған бір оқиға күні бүгінге дейін өнер адамдарының арасында аңыз болып айтылып келеді. Бұл — ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің домбырасынан шыққан сиқырлы үннің табиғат ананы иілткен сәті еді. Бұл оқиаға туралы режиссердан бөлек күйшінің жары және актер Әнуар Молдабеков пен Құман Тастанбеков өз естеліктерінде айтқан.
Домбыра мен аққу құстар қалай «сөйледі»?
Оқиға былай болған екен. Шамамен 1969 жылдың жазы. Сұлтан Қожықов бастаған түсірілім тобы Іле өзенінің жағасында «Қыз Жібек» фильмінің ең жауапты кадрларын түсіруге дайындалып жатады. Сценарий бойынша айдын көлде жүзген аққулар махаббат пен сұлулықтың символы ретінде таспаға басылуы тиіс. Бірақ табиғаттың заңы қатал: киелі құс саналатын аққулар адамдар мен техникадан үркіп, жағаға жоламай, айдын ортасынан ұзап кете береді.
Түсірілім жұмыстары Іле өзенінің жағасында, қазіргі «Көшпенділер» қамалы орналасқан маңайға жақын жерлерде жүріп жатқан. Сол маңдағы жайылма сулар мен айдынды көлшіктер фильмдегі басты көріністерге негіз болған.
Сұлтан Қожықов аққулардың қатысуымен кадр түсіруді жоспарлайды. Алайда, аққу — өте сақ құс, адамдар мен камералар тұрған жерге жақындай бермейді. Нұрғиса Тілендиев осы сәтте домбырасын алып, жағаға жақын келіп, «Аққу» күйін тарта бастайды. Нәтижесінде Музыканың құдіреті сондай, айдын ортасында жүрген қос аққу домбыра үніне елітіп, жағаға қарай беттейді. Операторлар осы сәтті мүлт жібермей, таспаға түсіріп үлгереді. Бұл кадрлар фильмде Төлеген мен Жібектің кездесетін тұстарында немесе табиғат көріністерінде пайдаланылған.
Домбыра үніне елтіген сәт
Композитор саусақтары пернеде ойнап, алғашқы ноталар төгілгенде, таңғажайып құбылыс орын алды. Алыста жүрген қос аққу, бейне бір сиқырланғандай, домбыра үніне қарай бағыт түзеді. Олар су бетімен сырғи жүзіп, Нұрғиса отырған жағалауға жақындай бастайды. Операторлар мен режиссер бұл сәттің қайталанбас феномен екенін түсініп, бірден таспалайды.
Бұл оқиға Нұрғиса Тілендиевтің тек композитор емес, сонымен бірге табиғатпен тілдесе алатын үлкен медиум, нағыз талант екенін көрсетеді. Күйдің ішіндегі аққудың қанат қаққаны, судың сылдыры мен құстың дыбысы соншалықты дәл берілгені содан болса керек.
Нұрғиса Тілендиев бұл оқиға туралы: «Мен домбыра тартқанда аққулардың маған жақын келгені рас. Олар мені емес, домбыраның ішіндегі өздерінің дыбысын танып келген шығар» деп айтқан екен.
Сондықтанда, ақын Бақыт Беделхан бір теңеуінде «Нұрғиса күй шерткенде аққу құсты айдынға қондырған екен» деп айтуы осы оқиғаның желісіне байланысты жазылған.
Тарихи кадрлардың құпиясы
Бүгінде біз «Қыз Жібек» фильмін тамашалағанда көретін аққулар — ешқандай монтажсыз немесе компьютерлік графикасыз түсірілген шынайы бейнелер. Ол кездегі техникалық мүмкіндіктердің шектеулігіне қарамастан, Нұрғиса Тілендиевтің рухани қуаты мен табиғи инстинкті техникадан озық екенін көрсетеді.
Бұл оқиға — адам мен табиғаттың, өнер мен ақиқаттың үндесуінің символы. Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйі тек музыкалық шығарма емес, ол — құстардың тілінде сөйлей алған ұлы жүректің үні.
Түйін
Нұрғиса Тілендиев биыл 101 жасқа толар еді. Оның соңында қалған мұрасы — «Аққу» күйі мен сол фильмдегі кадрлар — қазақ рухының өлместігін дәлелдейді. Іле өзенінің бойындағы сол бір сиқырлы сәт қазақ өнерінің тарихында «табиғатты иілткен музыка» деген атпен мәңгі қалады.

