STEPPENEWS.KZ: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат 2025 жылғы 25 желтоқсанда жарияланды.
Жарлыққа сәйкес, Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін даңқты қолбасшы, әскери стратег, жазушы Бауыржан Момышұлына ең жоғары мемлекеттік наградалардың бірі — «Халық қаһарманы» атағы берілді. Сондай-ақ, қаулыда Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын делінген.
Бауыржан Момышұлы — қазақ халқының ерлігі мен рухының символы, Мәскеу түбіндегі шайқастарда ерекше көзге түскен батыр, кейінгі ұрпаққа әскери-патриоттық мұра қалдырған бірегей тұлға. Бұл шешім қоғамда тарихи әділдіктің салтанат құруы ретінде қабылданып, батырдың ерлігіне көрсетілген зор құрмет болды.
«Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде «Халық қаһарманы» атағы берілмеген.Сондықтан мен Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым.Батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс»,-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

