Жетісу облысында 34 жастағы мәслихат депутаты кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды QazTimes агенттігі Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде масаң күйдегі ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Полиция күдіктінің 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады. Тәртіп сақшылары келгенге дейін күдікті жұмысшыларға жақтасқан 34 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салып үлгерген. Күдіктіні оқиға орнына келген полиция қызметкерлері қоңырау түскеннен кейін бес минут ішінде ұстады. Алайда зардап шегуші алған жарақытының салдарынан жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды», — делінген хабарламада.
Күдікті Алакөл АПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ааталған факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қатар қылмыстық іс қозғалды.
Белгілі болғандай, қылмыскердің қолынан қаза тапқан ер адам – Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты – Дәурен Слямов болған.