Астана қалалық соты бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевты 9 қаңтардан 9 наурызға дейін күзетпен ұстау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды QazTimes.
«2024 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотымен күдікті Қуандық Бишімбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылғы 9 наурызға дейін ұзарту санкцияланды», — деп жауап берді соттан Kazinform агенттігі жолдаған сауалға.
Сондай-ақ, елорда соты өзге мәліметтерді Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайтынын ескертті.
Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев өз әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Ал 12 қараша күні Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты экс-министрдің 2 айға қамауға алынғанын мәлім етті.
15 қарашада өткен кеңесте Президент Қ.Тоқаев ІІМ-ге Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.