Жұртшылық экс – президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Құрманбаева/Исабаевамен байланыстыратын Almaty theatre сатылымға шығарылады, деп хабарлайды Steppenews агенттігі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
Нысан балет пен хореографияға белсенді түрде қолдау көрсететін Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі үшін салынған.
ҚазТАГ өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, театрдың сатылуы туралы ақпаратты жариялады.
Compra сервисінің ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Almaty theatre компаниясының бірінші басшысы және құрылтайшысы — 25 жастағы Шалбаев Ерсұлтан Мырзаханұлы. Театр Алматының орталығында Әл-Фараби даңғылында, Назарбаев даңғылымен қиылыста орналасқан.
Театр есігін 2022 жылдың сәуір айының соңында ашты. Бір жыл тоғыз ай бойы театрда қазақстандық және шетелдік әртістердің гастрольдік сапарлары өтті.