Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Steppenews агенттігі.
Оның орнына қазіргі энергетика вице-министрі Асхат Хасенов тағайындалды.
«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Мағзұм Мырзағалиевке басшы ретіндегі еңбегі үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, Мағзұм Мырзағалиев 2022 жылдың 14 сәуірінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.