Жаңқош Тұраровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 28 жастағы қызды зорлаған деген күдікке ілінді.
– Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр, – деген жауап келді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Боксшының осындай айыпқа ілінгені жөнінде ақпарат әуелі әлеуметтік желіге тараған еді.