Генерал-лейтенант, чекист Амангелді Шабдарбаев Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бірінші әйелі Сара Алпысқызы туралы айтты. ҰҚК бұрынғы басшысы Дінмұхамед Қонаевтың әйелі Зухра Шәріпқызы туралы да ойларымен бөлісті, — деп хабарлайды Qaztimes агенттігі.
Бұл туралы ол TALK LIKE YouTube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.
«Сара Алпысқызы тік айтатын. Басқа әйелдері пайда болған кезде екеуінің арасы қатты суып кетті. Сара Алпысқызы — қарапайым адам», -деді чекист.
Оың сөзінше, Димаш Ахметұлының әйелі өте білімді болған. Құдайға сенетін, кішкентай Құраны болатын. Ал Назарбаев өзінің бірінші әйелімен санаспаған.
«Даусын көтеріп сөйлегенін байқамадым, еркелейтін. Димаш Ахметұлы оны еркелететін, екеуінің арасында бала болмады ғой. Ал Сара Алпысқызы Нұрсұлтан Әбішұлының саяси шешімдеріне араласпайтын. Назарбаев онымен санаспайтын. Ол кісі тірі. Не құдалармен де, басқаларымен де араласпайды. Араласатын жақын таныстары да жоқ. Өзі сондай адам. Өзімен-өзі. Ұнамаса айтады. Сара Алпысқызы мені кейін жек көріп кетті. Мен Рахат Әлиевке тиістім ғой. Дариға екеуі мені Сара Алпысқызына қарсы қойды», — деді экс-генерал.