Алматыда Заманбек Нұрқаділовтің 80 жылдық мерейтойына арналған еске алу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды QazTimes Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Саясаткердің рухына тағзым етіп, оның жетістіктерін, идеялары мен істерін еске алуға көп қауым жиналды. Олардың арасында белгілі саясаткерлер мен танымал тұлғалар: түрлі партия мен қозғалыстың өкілдері, депутаттық корпустың мүшелері, жазушылар, музыка қайраткерлері және басқалары бар.
Бәрі Заманбек Нұрқаділов туралы жылы естеліктерді еске түсіріп, Қазақстанға осындай мықты саясаткерлер керек екенін айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қысым-Жомарт Тоқаев пен Сенат басшысы Мәулен Әшімбаевтың хаттары да оқылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Заманбек Нұрқаділовті еске алу мақсатында туған жерінде ескерткіш орнатылып, оның құрметіне көше атауы беріледі.
Жиналғандардың көбі Нұрқаділовтың олармен бірге түрлі жобаға қатысқанын, инвестиция тартып, халықты жұмыспен қамтамасыз еткенін айтты.
Сөз сөйлегендер «Заманбек Нұрқаділовтің есімі қала тұрғындарың жүрегінде көпке дейін сақталатынын» да айтты.