Алматыда тағы 2 рет 2 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды QazTimes.kz.
Біріншісі түнгі 3-тен үш минут өткенде тіркелген. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында болған. Отандық мамандар мұны афтершок деп отыр. Қалалықтардың сезбегенін айтады.
Ал екінші жер сілкінісін тұрғындар 4-тен 27 минут өткенде сезген. Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді.