2024 жыл ішінде Алматы қаласы әкімінің қатысуымен іс-шараларға қызмет көрсету үшін 7 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды SteppeNews.kz ақпараттық порталы.
Техникалық сипаттамасында бұл қаржыға «отырыстар, конференциялар, кеңестер және шай үстелі» кіреді деп көрсетілген.
Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, өкілдік қызмет көрсетулер бір көзден сатып алу арқылы бекітілген.
Яғни, шарт конкурссыз, тікелей жасалған.
Тапсырыс беруші — Алматы қаласы Әкімінің аппараты, әлеуетті өнім жеткізуші ретінде i-dn жеке кәсіпкерлігі таңдалған. Ашық дереккөздерде ЖК директоры Айдын Қуанышбаевтың ет сату және ет өнімдерімен айналысатын бірнеше кәсіпкерлігі тіркелген.
Келісімнің бастапқы сомасы 4 314 175 теңге болып бекітіліп, артынан қосымша келісім жасалып 7 000 000 теңгеге дейін арттырған.
Шарттың техсипаттамасында нақты қандай өнімдердің сатып алатындығы көрсетілмеген.
Айта кетелік, Алматы қаласының әкімі – Ерболат Досев. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы болған ол 2022 жылдың 31 қаңтарынан Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.