Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға келді, деп хабарлайды QazTimes Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының келуіне орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.