21 қазанда Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Германияға мемлекеттік сапары аясында Берлиндегі Deutsches Theater театрында «Моңғолия – әсем ел» атты салтанатты концерт өтті. Іс-шараға Моңғолияның Ұлттық өнер үлкен театрының әртістері қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz montsame.mn сайтына сілтеме жасап.

Концерт барысында неміс көрермендеріне моңғол халқының дәстүрлі өнері таныстырылды. Бағдарламада ұлттық музыкалық аспап – морин хуурмен орындалған шығармалар, көмеймен ән айту өнері (хуумий) және ұзақ әуенді дәстүрлі әндер ұсынылды.
Іс-шара аясында Моңғолияның табиғатына, кең даласына және көшпенділердің тұрмыс-тіршілігіне арналған фотокөрме де ұйымдастырылды. Сонымен қатар морин хуур ұлттық аспабын жасау үлгілері қойылды. Көрмелер қонақтарға Моңғолияның мәдени мұрасы мен дәстүрлерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Салтанатты концертке Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх пен Германияның федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қатысты.
Іс-шара екі ел арасындағы мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, моңғол ұлттық мәдениетін халықаралық деңгейде танытуға және халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған.
Келесі материал: Қазақстан экономикасы үшін қандай базалық мөлшерлеме тиімді?
