2026 жылғы 21 қыркүйекте Сеул қаласында Қазақстан Республикасы мен Жаһандық жасыл өсу институты (Global Green Growth Institute, GGGI) Қазақстандағы ұйымның мәртебесі туралы келісімге (Host Country Agreement) қол қойды деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
GGGI құрамына 55 мемлекет кіреді және ұйым 57-ден астам елде бағдарламалар жүзеге асырады. Қазақстан GGGI-ге 2022 жылы мүше болды.

Келісім GGGI-дің Қазақстандағы құқықтық мәртебесін айқындап, ұйымның ел аумағында тікелей жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Бұл мемлекеттік институттарға көрсетілетін қолдауды кеңейтуге, жобаларды жүйелі түрде әзірлеуге және инвестиция тартуға жағдай жасайды.
Ынтымақтастықтың негізгі бағыты — Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін қолдау. Осы мақсатта сараптама, заманауи технологиялар мен инвестицияларды тарту арқылы экономикалық және экологиялық нәтижелерге қол жеткізу көзделеді.
Келесі материал: Ресейлік журналистер мен блогерлер Хубэй және Хунань провинцияларына барды
