Қытайдың Чэнду қаласынан Түрікменстанның Серахс бағытына теміржол арқылы жүк тасымалы басталды. Сычуань провинциясынан шыққан алғашқы жүк пойызы 2026 жылғы 1 қыркүйекте жолға шықты. Бұл туралы SteppeNews.kz Rail-news.kz. сайтына сілтеме жасап.
Бұл – жыл басынан бері Чэнду мен Түрікменстан арасында іске қосылған екінші тікелей теміржол бағыты. Алғашқы бағыт биыл маусым айында ашылған болатын. Ол кезде жүк пойызы Түрікменстанның Балқан уәлаятындағы Агара теміржол станциясына жеткізілген.
Жаңа бағыт арқылы қандай жүктер тасымалданатыны және оларды жеткізудің нақты мерзімі туралы әзірге толық ақпарат жарияланған жоқ. Ашық дереккөздердегі мәліметтерге сәйкес, Чэндудан Орталық Азия елдеріне теміржол арқылы жүк жеткізуге шамамен 10-12 күн қажет болуы мүмкін.
Чэнду – Қытайдағы ірі өнеркәсіптік орталықтардың бірі. Қаладан Орталық Азия мемлекеттеріне негізінен тұрмыстық техника мен электроника, автомобиль өнеркәсібінің өнімдері мен қосалқы бөлшектері, сондай-ақ өнеркәсіптік және халық тұтынатын тауарлар тасымалданады.
Қытайдың Чэнду қаласы мен Орталық Азия елдері арасындағы тұрақты жүк теміржол қатынасы 2014 жылы іске қосылған. Алғашқы кезеңде жүк пойыздары Алматы және Ташкент бағыттарында қатынаған. Кейін бұл бағыттарға Астана, Бішкек және Душанбе қалалары да қосылды.
Келесі материал: Алматы онкологиялық орталығында дәрілердің пациентке дейінгі жолын робот бақылайды
