VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ең көрікті әрі күрделі спорт түрлерінің бірі – моңғол халқының дәстүрлі «Ясны хугалах» сүйек сындыру сайысында тартысты бәсеке өтті. Моңғолия құрамасының өкілі керемет нәтиже көрсетіп, ойындар рекордын жаңартты, деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Ұлттық жекпе-жектің мәні – жалаң қолмен барынша қатты соққы жасап, ірі қара малдың сүйегін сындыру. Бұл спорт түрінде жеңіске жету үшін зор физикалық күшпен қатар, мінсіз техника, дәл есеп және шыңдалған дайындық қажет.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл ерекше спорт түрі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қазақстандық спортшылар да сәтті өнер көрсетіп, сүйек сындыру шеберлерінің арасындағы тартысты бәсекеде қола медаль жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, Көшпенділер ойындарының 3 күнінде қазақстандық спортшылар 16 медаль иеленді.
