Қазақстан құрамасы Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарысын жалғастырып жатыр. 3 қыркүйекте спортшылар ат спорты, ұлттық күрес, күш және зияткерлік спорт түрлерінен сынға түсіп, жаңа медальдар үшін бақ сынады, деп хабарлайды SteppeNews.kz «Спорт Шредингера» басылымына сілтеме жасап.
Көшпенділер ойындарындағы Қазақстан медальдары
Жарыстың алғашқы екі күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 10 медаль болды: төрт алтын, бір күміс және бес қола.
Бүгін, 3 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Көшпенділер ойындарында 16 медаль жеңіп алды. Оның бесеуі – алтын.
5 алтын медаль:
- Дәрын Өткелбай — аударыспақ, 90 кг дейін;
- Сырым Избасаров — аударыспақ, 100 кг дейін;
- Болат Сапар — самбо, 98 кг-нан жоғары;
- Арман Қошқаров — қыран құспен аң аулау, қаршыға;
- Арқан тарту — 4×4.
3 күміс медаль:
- Расул Құрайыш — аударыспақ, 80 кг дейін;
- Бағдәулет Бабажан — қыран құспен аң аулау, сұңқар;
- Арман Қошқаров — қыран құспен аң аулау, бүркіт.
8 қола медаль:
- Нұржан Еркінұлы — аударыспақ, 110 кг дейін;
- Еркебұлан Нығметов — самбо, 79 кг дейін;
- Жандос Бейсенбаев — самбо, 64 кг дейін;
- Нұрсұлтан Есімбай — таяқ тарту, 90 кг дейін;
- Қалмұхан Тұрмағанбет — алыш;
- Жандос Әбубәкіров — алыш, 60 кг дейін;
- Нұрсұлтан Қожагелді — алыш, 100 кг-нан жоғары;
- Кенжетаев — қыран құспен аң аулау, сұңқар.
