Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы көлік қозғалысына қатысты өзгерістер енгізілді. Әуежай аркасын реконструкциялау жұмыстары аяқталғаннан кейін Майлин көшесі жағындағы негізгі кіреберіс қайта ашылды. Енді ол көлікпен кіру және шығу үшін екі бағытта да қолжетімді.
Майлин көшесі жағынан вокзал маңы аумағына кіріп-шығу үшін барлығы 11 жолақ жұмыс істейді. Оның төртеуі кіруге, жетеуі шығуға арналған.
Ал «Ақсұңқар» қонақ үйі маңындағы екі кіреберіс бұдан былай тек екінші қабатқа, яғни T1 және T2 терминалдарының ұшу аймақтарына өту үшін пайдаланылады.
Жабық автотұрақ кешенін пайдаланатын жолаушылар үшін Закарпатская көшесіне тікелей шығу мүмкіндігі сақталған.
Әуежай әкімшілігі жолаушылар мен келушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, аумақтағы жол белгілерін ескеруді ұсынады.
Жаңартылған қозғалыс схемасы көлік ағынын тиімді ұйымдастырып, терминалдар мен автотұрақ инфрақұрылымына қолжетімділікті жақсартуға мүмкіндік береді.
