Мароккодан мигранттардың жаппай келуінен кейін Испания Сеута автономиялық қаласының жағалауында қорғаныс бөгетін орнату жұмыстарын бастады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
El País басылымының мәліметінше, қорғаныс жүйесінің негізгі элементі ұзындығы 500 метр болатын үрлемелі бөгет болмақ. Оның су бетіндегі бөлігі 30-70 сантиметрге дейін көтерілсе, су астындағы бөлігі шамамен бір метр тереңдікке дейін орналасады.
Сонымен қатар Испанияның Әскери-теңіз күштері ұсынған қалқымалы буйлар желісі де орнатылады. Бұл жүйе теңіз арқылы заңсыз шекара кесіп өтудің алдын алуға бағытталған.
БАҚ мәліметіне сәйкес, 30 шілдеде мыңдаған мигрант бөгет орнатылып жатқан аумақты айналып өтіп, бір бөлігі жаяу, енді бірі жүзіп өтіп Мароккодан Сеутаға кірген.
Сеута қаласы әкімшілігінің мәліметінше, автономиялық қалаға шамамен 60 мың мигрант келген. Ал Испания Ішкі істер министрлігі олардың санын 50 мың адам шамасында деп бағалап отыр.
