Қазақстандық таеквондошылар Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде табысты өнер көрсетіп, жүлделер қорын молайтты деп хабарлайды SteppeNews.kz, Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама 7 алтын, 6 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.
Алтын медаль иегерлері:
- Шахризода Акрамова (44 келіге дейін);
- Нұрайлым Бақытжанқызы (55 келіге дейін);
- Любовь Юн (68 келіге дейін);
- Азим Талғатов (45 келіге дейін);
- Алинұр Еркін (59 келіге дейін);
- Наурызбек Нұрғазиев (68 келіге дейін);
- Аманай Құралбаев (78 келіден жоғары).
Күміс жүлдегерлер:
- Аяру Есенғали (42 келіге дейін);
- Сабина Туртулова (78 келіден жоғары);
- Бағдат Амангелдиев (48 келіге дейін);
- Павел Эм (63 келіге дейін);
- Тимур Рахпанов (73 келіге дейін);
- Жантөре Сағынғали (78 келіге дейін).
Қола медаль иегерлері:
- Элеанора Шералы (55 келіге дейін);
- Жанна Палмахова (55 келіге дейін);
- Милана Мұханова (59 келіге дейін);
- Аяжан Таңжарық (63 келіге дейін);
- Нурила Жарас (68 келіге дейін);
- Аяна Жетес (68 келіге дейін);
- Марсело Лопес Тілеубай Әбділ (63 келіге дейін);
- Бекбау Махамбетәлі (78 келіге дейін).
Қазақстан құрамасының бұл нәтижесі жастар арасындағы халықаралық турнирде отандық таеквондо мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.
