Испания футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Канада, АҚШ және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өткен дүбірлі дода финалында испандықтар қазіргі әлем чемпионы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Olympics-ке сілтеме жасап.
Осылайша Луис де ла Фуэнте баптайтын Испания құрамасы өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды. Бұған дейін испандар 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен мундиальда топ жарған болатын.
Финалдық кездесудің негізгі уақыты голсыз аяқталды. Екі команда да аса сақ ойнады. Дегенмен ойын барысында допқа иелік етіп, шабуылды көбірек ұйымдастырған Испания болды. Аргентина негізгі уақытта қарсылас қақпасына бірде-бір дәл соққы жасай алмады. Ал испандар жалпы 15 соққы жасап, оның 10-ы қақпа бағытына бағытталды.
Матч тағдыры қосымша уақытта шешілді. 106-минутта Нико Уильямстың пасынан кейін Ферран Торрес жеңіс голын соғып, Испанияға чемпиондықты сыйлады. Бұған дейін Энцо Фернандес екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылып, Аргентина матчтың соңғы бөлігін 10 ойыншымен өткізді.
Осы жеңістен кейін Испания Еуропа чемпионы атағынан кейін әлем чемпиондығын да жеңіп алып, әлемдік футболдағы көшбасшы мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
