Алматыда 4-6 шілде аралығында Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған бірқатар іс-шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына концерттер, фестивальдер, флешмобтар, көрмелер, кино көрсетілімдері және ұлттық спорт түрлерінен жарыстарды қамтитын мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерекелік іс-шаралардың мақсаты – ұлттық мәдениетті дәріптеу, салт-дәстүрді сақтау және рухани құндылықтарды нығайту.
4 шілде
10:00 — «Күмбірле, қоңыр домбыра!» мерекелік концерті (Family Park);
11:00 — Ұлттық домбыра күніне арналған концерттік бағдарлама («Самғау» даму және шығармашылық орталығы);
15:00 — «Күй құдіреті» әдеби-музыкалық кеші (Жетісу аудандық кітапханасы);
19:00 — «Домбыра – дастан» мерекелік концерті («Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы алаң).

5 шілде
10:00 — 50 домбырашының қатысуымен флешмоб (Нұркент шағынауданы, 7);
11:00 — «Күмбірле, домбыра, жасай бер, Астана!» мерекелік концерті (Арбат, Жібек жолы көшесі, 100);
11:00 — Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік концерт (Орталық мәдениет және демалыс саябағы);
16:00–20:00 — «Айнабұлақ» саябағында өтетін Dombyra Fest отбасылық фестивалі. Бағдарлама аясында шебердің сабақтары, интерактивті алаңдар, халық шеберлерінің көрмесі, фотозоналар және ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады;
17:00 — «Күй күмбірі» флешмобы.

Сонымен қатар, Түрксіб ауданының қоғамдық кеңістіктерінде 15 домбырашының қатысуымен түсірілген Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік бейнеролик көрсетіледі.
6 шілде
15:00 — 100 домбырашы қатысатын флешмоб (Шұғыла шағынауданы, 347);
17:00 — мерекелік концерт (Амфитеатр);
19:00 — «Ұлы дала үні» фильмінің көрсетілімі (Амфитеатр).
Еске сала кетейік, Қазақстанда Ұлттық домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде, ал Астана күні 6 шілдеде атап өтіледі.
