Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригестің айтуынша, 1520-дан астам адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алған. Ал 200-ге жуық тұрғын әлі де қираған ғимараттардың үйіндісі астында қалып қойған. Апат 3 мыңға жуық отбасын баспанасыз қалдырды.

Елдегі саяси белгісіздік кезеңінде келген бұл соққы жағдайды одан сайын ушықтырып жіберді. Венесуэла Президентінің міндетін атқарушы Делси Родригес ел аумағында шұғыл түрде төтенше жағдай режимін жариялады. Сондай-ақ, астана Каракастағы халықаралық әуежай жұмысы толықтай тоқтатылды.

Сәрсенбі күні кешке астана Каракастың батысында магнитудасы 7,2 және 7,5 балды құрайтын екі бірдей қуатты жерасты дүмпуі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, алғашқы соққы жергілікті уақытпен сағат 18:04-те тіркелсе, екіншісі араға бір минут салмай қайталанған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Steppenews Kz (@steppenews_kz)

Мамандардың бағалауынша, бұл екінші соққы ел тарихындағы 1900 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болып танылды. Негізгі апаттан кейін тағы 138 афтершок тіркелген.

Қазіргі таңда апат аймағында 250-ден астам ғимарат толықтай қираған немесе апатты жағдайда тұр. Ең үлкен шығын мен зардап астананың солтүстігінде орналасқан Ла-Гуайра штатына келгені хабарланды. Құтқарушылар мен арнайы жасақтар үйінділерді тазалау және аман қалған адамдарды іздеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатыр.