Қазақстанда ең төменгі жалақы төленетін салалар анықталды. Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Үкіметтегі баспасөз брифингінде еңбекақы деңгейі төмен салаларды атады.
Еңбекақы деңгейі төмен салалар:
Білім беру
Денсаулық сақтау
Мемлекеттік қызмет салалары.
Білім беру саласы
Бұл ең көп жұмыспен қамтылған бағыт. Аталған салада 1,2 миллионнан астам адам еңбек етеді. Орташа жалақы – шамамен 431 мың теңге. Медианалық жалақы – 345–360 мың теңге аралығында.
Жоғары жалақы төленетін салалар:
Тау-кен өндірісі
Қаржы секторы
Өңдеу өнеркәсібі
Көлік және қоймалау
Бұл салаларда орташа табыс 800–900 мың теңгеге дейін жетеді.
«Төмен жалақы төленетін салаларда еңбек ететін адамдардың саны өте көп. Сондықтан олардың еңбекақысын арттыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Алайда бюджет мүмкіндіктері шектеулі болғандықтан, жалақы өсімін қамтамасыз ету үшін нақты шешімдер қабылдау қажет», — деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин.
