Батыс Аустралия жағалауында алып акула ер адамға шабуыл жасады. 35 жастағы азамат алған жарақаттарынан мерт болды. Оқиға Майклмас аралы маңында болған. Адамға шабуыл жасаған акуланың ұзындығы шамамен 4,5 метрге тең, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай ер адам отбасы мүшелерімен бірге суда жүрген кезде болған. Жыртқыш ер азаматтың екі аяғынан тістеп, ауыр жарақат салған. Туыстары оны дереу қайықпен жағаға жеткізген. Жағалауда медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетуге атсалысқа. Десе де, ер адамның өміріне араша түсе алмады. Өңір тұрғындары акулалардың адамға шабуылы өте сирек кездесетінін айтады. Қайғылы жағдайдан кейін жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіздік шараларын күшейтуге және барлық мән-жай анықталғанға дейін жабық жағажайларға бармауға шақырды.
Келесі материал: Таиландта ауыр дертке шалдыққан қазақстандық көз жұмды
