Басты тақырып Жаңалықтар

Таиландта ауыр дертке шалдыққан қазақстандық көз жұмды

Алексей Вивтоненко
Фото: Stan.kz

Қостанай тұрғыны 36 жастағы Алексей Вивтоненко Тай еліндегі жансақтау бөлімінде бір айдай өмірі үшін күрескен. Кейін елге Қазақстанға оралғанда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Алексейдің соңғы демі үзілді, деп хабарлайды SteppeNews.kz «Наша Газета» басылымына сілтеме жасап. Көпшілік Алексейдің денсаулығына алаңдап, оның сауғып кетуі үшін отбасына қолдау көрсетіп, емделуі мен елге жеткізілуіне қаражат жинауға көмектесті. Естеріңізге сала кетейік, биыл ақпан айында Пхукет аралына демалуға барған Алексей Вивтоненконың жағдайы күрт нашарлап, ауыр күйде ауруханаға түскен еді. Дәрігерлер оған ұйқыбездің 30%-дан астам бөлігі асқынған жедел панкреатит, сондай-ақ тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі диагнозын қойды. Кейін оның жағдайы сепсиспен, бүйректің жедел зақымдануымен және екі жақты өкпе қабынуымен асқынған.

Добавить комментарий