Шымкентте балабақша тәрбиешілерінің сұмдық әрекеті әшкере болды. “Балымша” жекеменшік балабақшаның тәрбиешілері балаларға банан ұстатып, суретке түсірген соң қайта жинап алған. Оқиғаға байланысты қалалық білім басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, жағдай 2026 жылдың ақпанында болған. Қазір осы жағдайға қатысы бар бес қызметкердің үшеуі жұмыстан шығарылды. Білім басқармасы полиция департаментіне, сапаны қамтамасыз ету департаментіне және санитариялық бақылау органдарына хат жолдады. Құзырлы органдар тиісті шешім қабылдайды.
Келесі материал: Орталық Азияның жетекші БАҚ өкілдері Алашанькоуда медиа ынтымақтастық мәселелерін талқылады
