Қазақстанда зейнетақы аннуитетіне қатысты жаңа өзгеріс күшіне енді. Бұдан былай мұрагерлер шоттағы қаражатты бұрынғыдай ай сайын бөліп алып қана қоймай, қалдық соманы бірден толық алуына болады,- деп хабарлайды SteppeNews.kz. Депутат Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұрын аннуитет алушы қайтыс болған жағдайда отбасы қаражатты тек ұзақ жылдар бойы ай сайын аз мөлшермен алатын. Енді таңдау отбасының өз еркінде. Екі таңдау бар: бірі, ай сайынғы төлемді жалғастыру, екіншісі, барлық соманы бірден алу.
Келесі материал: Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады.
