SteppeNews.kz: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдауды кезең-кезеңімен ұйымдастыру кестесін бекітті. Құжат қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Бұл тәсіл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін барынша ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ білім беру ұйымдарына тікелей жүгіну арқылы тапсыруға болады.
Өңірлер бойынша қабылдау мерзімдері төмендегідей бөлінген:
-
27 мамыр – 31 тамыз аралығында: Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары құжат қабылдайды.
-
10 маусым – 31 тамыз аралығында: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары өтініш бере алады.
-
18 маусым – 31 тамыз аралығында: Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстарында тіркеу жүргізіледі.
-
29 маусым – 31 тамыз аралығында: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында қабылдау басталады.
