SteppeNews.kz: Инцидент 27 сәуір күні түнде Нұржол көшесінде орын алған. Әйел монумент жанында тренд ролик түсіру мақсатында шампан бөтелкесін ашып, ішімдікті жерге төккен.
Сот отырысында бұл әрекеті арқылы оның қоғамдық орынды ластағаны хабарланды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ол өзінің блогер екенін және видеоны әлеуметтік желілер үшін түсірмек болғанын айтты. Әйелдің сөзінше, түсірілімнен кейін ол артындағы қоқысты жинап кеткен.
Блогер қоғамдық жұмыстардан бас тартқандықтан, сот оны кінәлі деп танып, 10 АЕК мөлшерінде, яғни 43 250 теңге айыппұл тағайындады.
