SteppeNews.kz: Женевадағы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның «Бейбітшілік жолы» атты мәдени жобасының таныстырылымы өтті. Іс-шара «Әйелдер және зияткерлік меншік» атты халықаралық симпозиум аясында ұйымдастырылды.
Жоба мәдени бірлік пен халықаралық ынтымақтастықтың нышаны ретінде таныстырылды. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және өзге де халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Төребаев бұл кілемнің тек көркемдік қана емес, маңызды гуманитарлық миссия арқалап тұрғанын атап өтті.
«Бейбітшілік жолы» атты Бейбітшілік кілемі – бейбітшіліктің, өзара түсіністіктің және мәдени әралуандықтың рәмізі. Ол адамдарды өнер арқылы біріктіреді».
Бүгінгі таңда кілемнің ұзындығы 70 метрден асады. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген шеберлердің атсалысуымен жоба ауқымы одан әрі кеңеюде. Әрбір жаңа үзінді сол халықтың ұлттық дәстүрін, тарихы мен мәдени ерекшеліктерін бейнелейді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Бейбітшілік жолы» мәдени диалог пен халықаралық шығармашылық ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды.
