SteppeNews.kz: Жамбыл облысындағы Аса ауылының тұрғындары Англиядағы жұмысқа алданып, миллиондаған теңгесінен айырылды. «Жетінші арнаның» хабарлауынша, он шақты адам интернеттен Англияның жылыжайларында жұмыс істеу туралы хабарландыру тауып, жоғары жалақы туралы уәдеге сенген.
Олар келісімшарт жасасып, құжаттарын рәсімдей бастаған. Сапарға қаражат табу үшін адамдар несие алып, таныстарынан қарызға ақша сұраған. Нәтижесінде зардап шеккендердің айтуынша, олар 5 миллион теңгеден астам қаражат аударған.
Ақша қолға тиген соң, делдал әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Құқық қорғау органдары алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды — ол 29 жастағы келіншек. Қазіргі таңда оған халықаралық іздеу жарияланды.

