SteppeNews.kz: Талдықорғандық спортшы Аян Тұрдыбек ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Марқұмның туыстары медициналық көмектің дер кезінде көрсетілмегеніне және дәрігерлердің немқұрайлылығына шағымдануда. Бұл туралы SteppeNews.kz Stan.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.
Оқиға спортшының денсаулығы кенеттен сыр берген түннен басталған. Алғашқыда шақыртумен келген жедел жәрдем бригадасы емделушінің тамағын ғана тексеріп, ыстық түсіретін дәрі ішуге кеңес беріп кетіп қалған. Алайда жағдайы оңалмаған соң, бойжеткен облыстық ауруханаға жеткізіліп, кейін инфекциялық бөлімге жолданған. Онда қызға екі рет дәрі тамызғыш қойылып, денсаулығы уақытша жақсарғанымен, көп ұзамай өңі бозарып, ерні көгеріп, жағдайы күрт нашарлаған.
Марқұм стационарлық емге жіберілгенімен, аурухана қабырғасында есін жимастан көз жұмды. Туыстарының айтуынша, алтын уақыт жоғалтып алынған және тиісті көмек көрсетілмеген. Қазіргі таңда өлімнің себебі ретінде «белгісіз заттан улану» деген нұсқа айтылуда.
Бұл оқиға бойынша қазіргі уақытта тиісті тексеріс жүріп жатыр және нақты себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

