SteppeNews.kz: Шымкент қаласының әуежайында Алматыдан ұшып келген FlyArystan лоукостерінің ұшағы ұшу-қону жолағында итпен соқтығысып, техникалық зақым алды.
Ulysmedia.kz порталының хабарлауынша, оқиға 15 сәуір күні Алматы – Шымкент бағыты бойынша FS7105 рейсін орындаған әуе кемесі қонғаннан кейін орын алған. Әуе компаниясының мәліметінше, ұшақ жолақ бойымен қозғалып бара жатқан сәтте кенеттен ит шығып кетіп, соқтығыс болған.
Әуе компаниясы оқиғаға қатысты мынадай мәлімдеме жасады:
«Нәтижесінде әуе кемесінің компоненттері зақымдалды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр».
Қазіргі уақытта мамандар жануардың қауіпсіздік аймағына қалай өтіп кеткенін және ұшақтың техникалық жағдайын анықтау үстінде.

