SteppeNews.kz: KAZINFORM мәліметінше, Қазақстанның Вице-президентін тағайындау мәселесі жаңа Құрылтайдың құрылуынан кейін шешіледі. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтің өзі мәлім етті. Оның айтуынша, бұл мәселелер Мемлекет басшысының құзыретіне жатады.
«Жаңа Құрылтай сайланған соң, Мемлекет басшысы тиісті шешім қабылдайды. Заңға және жаңа Конституцияға сәйкес шешімдер қабылданады. Атап айтқанда, бұл мәселелер Конституциямызда нақты көрсетілген», — деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін.

