SteppeNews.kz: Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін жасанды интеллектіні пайдалануда. Қаскөйлер полиция, банк немесе мемлекеттік орган қызметкерінің кейпіне еніп, жалған видео және аудиоқоңыраулар жасай бастаған.
Мұндай қоңырау шалу кезінде олар «күдікті операциялармен» қорқытып, ақшаны тез арада «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етеді. Сондай-ақ, ресми хабарламаларға ұқсатып, жалған құжаттар мен мәтіндерді де таратады.
Ішкі істер министрлігі ескертеді:
-
Полиция мен банк қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейді;
-
Жеке мәліметтерді сұратпайды.
Қазақстандықтарға мұндай қоңырауларға сенбеуге және бірден полицияға хабарласуға кеңес беріледі.

