STEPPENEWS.KZ: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттердің ішімдік пен темекіге әуестігі, тіпті түсік жасатқандары туралы жеке мәліметтері ашыққа шықты. Университет басшылығы бұл жағдайға байланысты қазіргі уақытта ішкі тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Оқу орнындағы 32 мыңға жуық студент пен 5 мыңнан астам қызметкердің әрекеті туралы есеп жүргізілгенімен, бұл ақпараттың қалай тарап кеткені әзірге белгісіз. Қазіргі таңда аталған деректер ағынына қатысты прокуратура да тексеріс жұмыстарын бастады.

