STEPPENEWS.KZ: Forbes.kz басылымы Қазақстанның ең дәулетті әйелдерінің кезекті тізімін ұсынды. Биылғы рейтингке енген 25 әйелдің жалпы капиталы 8,1 млрд долларға бағаланып отыр. Тізімнің басында 5,4 млрд доллар байлығымен Динара Құлыбаева тұр.
Рейтингтің алғашқы бестігіне Мұқадасхан Ибрагимова (650 млн доллар), Дариға Назарбаева (550 млн доллар), Анжела Сәрсенова (249 млн доллар) және Айжан Есім (207 млн доллар) енді. Бұл көрсеткіштер еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігі мен ірі капиталдың шоғырлану деңгейін көрсетеді.
Тізімнің жалғасында Айдан Сүлейменова (175 млн доллар), Қаншайым және Жанна Сейтжановалар (84 млн доллар), сондай-ақ Алена Сүлейменова (73 млн доллар) бар. Алғашқы ондықты Гаухар Қаппарова (65 млн доллар) мен Гүлнар Досаева (61 млн доллар) түйіндейді.
Сондай-ақ тізімге Раушан Сағдиева, Ирина Козлова, Александра Соколова, Любовь Дружинина, Сәуле Сейсембаева, Элеонора Баталова, Карина Сәрсенова, Әлия Маханова, Наталья Акентьева, Сәуле Зейнолла және Амина Қасымова сынды іскер әйелдер енген. Олардың активтері 34 миллионнан 57 миллион доллар аралығында бағаланған.

