STEPPENEWS.KZ: Қазақстан мен Өзбекстанда түсірілген тарихи «Әмір Темір» фильмі еліміздің барлық кинотеатрларында жүруде. Әмір Темір есімі қазақ топырағында Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салынумен айтылады. Алайда фильмде шын мәнінде тұлғаның кім екені, билікке келу жолын сахналайды. XIV ғасырдың ортасында Монғол империясы құлағаннан кейін Ұлы Жібек жолы аймағының саяси тұрақсыз жағдайын, Темірдің тарих сахнасына қалай шыққанын баяндайды.
Фильм режиссері – Джейкоб Шварц. Ал сценарийдің авторы және атқарушы продюсері – кәсіпкер Бехруз Хамзаев. Жоба халықаралық продакшн компаниясы «Mystery Box», сондай-ақ «7SABER» және «BWG Production» бірлесіп жасалған.
Басты рөлде Кристиан Мортенсен сомдады. Ол Лондон сахнасында «Кориолан» және «Генрих V» Шекспир қойылымдарымен, сондай-ақ «Medal of Honor: Warfighter» жобасындағы басты рөлімен танымал. Барлық трюктарды өзі орындаған. 
Ұлжай рөлін белгілі өзбек актрисасы Юлдуз Ражабова ойнады. Сонымен қатар Махеш Джаду Хуссейн рөлін, монғол актриса Дулгуун Одху Хуссейннің әйелі Сарай рөлін сомдаған.
Қазақстаннан Жандос Айбасов, Еркебұлан Дайыров және Санжар Мади сияқты актерлер екінші планда эпизодтық рөлдерді алып шықты.
Фильмдегі сайыс, төбелес, аттан құлау, әр түрлі трюктарды «Nomad Stunts» командасына жүктелген.
Жарыққа шыққан туынды 120-дан астам ел мен аймаққа сатылған. Оның ішінде ТМД елдері, Таяу Шығыс, Еуропа, Азия, Латын Америкасы және өзгеде мемлекеттерде көрсетіледі.

