STEPPENEWS.KZ: Қазақстан білім деңгейі бойынша әлемдегі ең үздік жиырма елдің қатарына енді. Білім беру жүйелерінің жаңа жаһандық рейтингінде ел 18-орынға тұрақтады.
Insider Global Education Index халықаралық білім беру индексінің деректері бойынша Қазақстан 0,092 балл жинады. Сарапшылардың айтуынша, еліміз білім беру жүйесі белсенді дамып келе жатқан және халықаралық академиялық кеңістікке барған сайын терең интеграцияланып жатқан мемлекеттер қатарына жатады.
Рейтингте АҚШ көш бастап тұр. Екінші орынды Ұлыбритания, үшінші орынды Қытай иеленді. Алғашқы ондыққа сонымен қатар Германия, Австралия, Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Канада және Испания енді. Бұл елдер дәстүрлі түрде мықты университеттерімен және ғылым мен зерттеулерге бөлінетін қомақты инвестицияларымен ерекшеленеді.
Рейтингте Қазақстан Польша мен БАӘ бастаған бірқатар мемлекеттерді басып озды.

