STEPPENEWS.KZ: Алматы қаласында күн райының жылынуына байланысты 3 сәуірден бастап жылыту маусымын кезең-кезеңімен тоқтату жұмыстары басталды. Қаладағы орташа тәуліктік ауа температурасы бес күн қатарынан +8°C-тан жоғары болғандықтан, тиісті мекемелер жылу беруді тоқтату туралы шешім қабылдады.
Жылуды ажырату жұмыстары белгіленген кезек бойынша жүзеге асырылады. Ең алдымен әкімшілік ғимараттар, содан кейін тұрғын үйлер жылу жүйесінен ажыратылады. Ал мектептер, балабақшалар мен ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандарда жылу беру ең соңынан тоқтатылады.
Биылғы жылыту маусымы қаланың коммуналдық қызметтері үшін жоспарлы режимде өтті. Мамандар алдағы уақытта келесі қысқы маусымға дайындық және жылу желілерін жөндеу жұмыстарына кіріспек.

