Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қатысуымен Қазақстан әуе қорғанысы күштерінің Талдықорғандағы авиабазасына Кеңес Одағының екі мәрте батыры Сергей Луганскийдің атын беруге арналған салтанатты іс-шара өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен отырысында әйгілі ұшқыштың есімін жұрт жадында жаңғырту үшін авиабазаны оның атымен атауды ұсынған болатын», — деп жазды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Сергей Луганский соғыс жылдары 390 рет әуеге көтеріліп, жеке өзі жаудың 37 ұшағын, ал топтық шайқаста 6 ұшақты атып түсірді. Ол әскерге Алматыдан аттанып, запасқа шыққан соң осында қайта оралды. Сондықтан Сергей Луганскийдің есімі берілген авиабаза оның туған қаласының аспанына қорған болады.
Келесі материал: Түркістан облысында сәбидің өлі денесі табылды«Мұның символдық мәні бар. Қазақстанда батырлардың есімі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі іс-шара — соның айқын дәлелі», — делінген жазбада.
