STEPPENEWS.KZ: Далалық кодтан жаһандық брендке дейін. Біз «мультимедиа» терминін цифрлық дәуірдің жемісі деп есептейміз. Алайда, өткен ғасырға көз жүгіртсек, бұл анықтамаға ең бірінші болып Жамбыл Жабаев есімі сұранып тұр. Ол — тек жырау емес, ол өз заманының ең қуатты «медиа-хабы», ақпарат таратушысы және идеологиялық трендсеттері болды.
Контенттің визуалды және аудио символы
Жамбыл бейнесі — ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің ең танымал «визуалды бренді». Оның ақ сақалы, домбырасы мен ұлттық киімі кеңестік насихат шеңберінен шығып, еркіндік пен даналықтың нышанына айналды.
Ол жазба мәдениетіне емес, «Live» форматқа ауызша поэзияға сүйенді. Оның әрбір жыры бүгінгі күннің подкасттары мен тікелей эфирлері сияқты халық арасына жедел тарап, аудиториямен кері байланыс орнатып отырды.
«Ленинградтық өренім»: Вирустық контенттің тарихи үлгісі
Бүгінде ақпараттың таралу жылдамдығын «вирустық» дейміз. 1941 жылы Жамбылдың «Ленинградтық өренім!» жыры дәл осындай эффект берді.
Таралымы: Жыр газеттерде басылды, радиодан оқылды, плакат болып қабырғаларға ілінді.
Сторителлинг шебері
Жамбылдың айтыстары мен дастандары оқиғаны баяндап қана қоймай, оны драмалық шиеленіске толтырып, тыңдаушыны оқиғаның ішіне тартып алатын. Оның Құлмамбетпен айтысы — бүгінгінің ең ірі «дебат» алаңдарынан кем түспейтін, интеллектуалды және психологиялық жекпе-жек.
180 жылдық: Мұраны цифрландыру
Бүгінгі таңда Жамбыл тұлғасын «мультимедиялық» деп атаудың тағы бір себебі — оның мұрасының жаңа форматтарға бейімділігі.
- VR-экскурсиялар: Ақынның мұражай-үйіне виртуалды саяхат. Мұражай ақынның өм кешкен мекенінде орналасқан.
- Аудио-реставрация: Ақынның өз дауысын жасанды интеллект көмегімен қалпына келтіру.
- Графикалық романдар: Жамбылдың батырлар жырларын комикс немесе анимация түрінде ұсыну.
Түйін
Жамбыл Жабаев — ескі мен жаңаның, ауызша дәстүр мен техникалық прогрестің түйіскен жерінде тұрған феномен. Оның 180 жылдық мерейтойы — бұл жай ғана өткенді еске алу емес, бұл ұлттық медиа-кодты заманауи технологиялар арқылы қайта тірілтудің мүмкіндігі. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін, замануи тілмен айтқанда. Жамбыл — мәңгілік контент!

