STEPPENEWS.KZ: Қазақстандық шахматшы Бибисара Асаубаева Кипрде өтіп жатқан 2026 жылғы үміткерлер турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Үшінші турда ол қытайлық Чжу Цзиньэр-ді қара тастармен ойнап, тізе бүктірді. Бұл жеңіс оған алғашқы толық ұпайын сыйлады. Бұған дейін отандасымыз екі партияны тең нәтижемен аяқтаған еді. Жалпы екі ұпай жинаған Асаубаева турнир кестесінде көш бастады.
Келесі ойынын ол ,бүгін қытайлық Тань Чжунъи-ге қарсы өткізеді.
Айта кетейік, турнирге сегіз шахматшы қатысуда. Олар айналмалы жүйе бойынша бір-бірімен екі реттен кездеседі.
Жеңімпаз шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтетін шешуші матчқа жолдама алады.

