STEPPENEWS.KZ: Барлық жағдайда науқастарға дер кезінде көмек көрсетілмеген. Тексеру барысында бұл кабинеттердің шұғыл жағдайларға дайын еместігі, ал қызметкерлердің ауыр халдегі науқастарға тиісті деңгейде көмек көрсете алмағаны анықталды, деп хабарлайды Kazinform.
Жүргізілген тексерістерден кейін 12 емшара кабинеті уақытша жұмысын тоқтатты.
Қаладағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті басшысының орынбасары Полат Бердалиевтің айтуынша, екпе жасалатын бөлмелерде анафилаксиялық реакция туындаған жағдайда жедел медициналық көмек көрсету мүмкіндігі болуы тиіс. Ол үшін арнайы лицензия мен алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылары қажет.
Сонымен қатар, дәріханаларда психотроптық препараттарды заңсыз сату бойынша 25 дерек тіркелді. Ем қабылдаудан жалтарған, есірткіге тәуелді 10 Шымкент тұрғыны жауапкершілікке тартылды.

