STEPPENEWS.KZ: Батыс Қазақстан облысының даласынан құлаған ұшқышсыз аппаратқа ұқсас нысан табылды. 25 наурыз күні жергілікті тұрғындар дала ішінде ұшқышсыз ұшу аппаратына ұқсайтын затты байқап, тиісті органдарға хабарлаған.
Полиция бұл ақпаратты растады.
Нысан Ақжайық ауданында, елді мекеннен тыс аумақта табылған.
Қазір оқиға орнында полиция мен арнайы қызметтер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Тұрғындардың айтуынша, аппарат Қарауылтөбе ауылы маңына құлаған болуы мүмкін.

