STEPPENEWS.KZ: Жетісу облысында пәтер ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды. Келтірілген шығын көлемі 23 млн теңгені құрайды.
Полиция мәліметінше, екі ер адам желтоқсан мен наурыз айлары аралығында 13 ұрлық дерегіне қатысы бар деген күдікке ілінген. Олар үй иелері жоқ сәтті аңдып, пластик терезелерді бұзып кіріп, бағалы заттарды қолды қылған.
Ұрлықтың басым бөлігі Ескелді ауданында тіркелген. Сондай-ақ қылмыс деректері Алакөл, Көксу және Ақсу аудандарында да анықталған.
Күдіктілерден алтын бұйымдар тәркіленіп, өздері уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

